Қоғам

Ақтөбеде дүкеннен өрт шығып, 8 адам құтқарылды

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Дүкеннен өрт шықты

Ақтөбе қаласындағы дүкеннен өрт шығып, 8 адам құтқарылды. Сонымен бірге 20 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін сағат 12:27-де Ақтөбе қаласы Рысқұлов көшесіндегі көпқабатты жатақханада болды. Жатақхананың бірінші қабатында «Пенное» дүкені орналасқан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде дүкенде жиһаздың жанып жатқаны анықталды.

«Өртті сөндіруге Ақтөбе облыстық ТЖД 41 өрт сөндіруші мен 9 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға болған жерге Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы келді. Баспалдақ маршы арқылы 8 адам құтқарылды, оның 5-еуі - бала. Сонымен бірге 20 адам эвакуацияланды. Барлығы 61 тұрғын уақытша жылыту пункті саналатын «Кунг» автокөлігіне орналастырылды», - делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 12:48–де сөндірілді. Оның аумағы 40 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.