Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Еуропадағы «Виртуози» телешоуында қазылық етеді

Видеодан алынған кадр

Димаш Құдайберген шетелдегі танымал шоуда қазылық етеді

Танымал әнші Димаш Құдайберген «Виртуози» телешоуында ұлы тенор Пласидо Домингомен бірге қазылық етеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

1999 жылы үйде 3 ұлы тенордың концертінің кассетасы болатын. Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Шақырту үшін рахмет, - деп жазды Димаш Құдайберген.