Қоғам

Павлодарда жоғалып кеткен оқушы қыз екі күннен кейін табылды

"VITA" еріктілер жасағының парақшасынан

Ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген

2010 жылы туған жеткіншек аман-есен табылған, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша соңғы рет құрбысына қоңырау шалған барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды", – деп жазды «VITA» еріктілері. 

Еске сала кетейік, облыс полициясының нарядтары, еріктілер № 5 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дарья Шандрукты іздестірген болатын.

8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23:00 шамасында жасөспірімнің үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды.

Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген.