Жаңалықтар

«Екі қалада тұрамыз»: Әнші Мақпал Исабекова алғаш рет күйеуі туралы айтты

Әлеуметтік желіден

Әншінің Теодр есімді ұлы бар

Танымал әнші Мақпал Исабекова алғаш рет жолдасы туралы айтты, деп жазды turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әншінің Теодр есімді ұлы бар. Сондай-ақ әнші сырқаттанып қалғанын да айтты.

“Күні бойы басым ауырып, қан қысымым көтерілді. Тек жаттым. Енді ғана басымды көтеріп отырмын. Айтпақшы, күйеуімнің қасындамын. Біз біргеміз. Еш алаңдамаңыздар”, – деп фото жүктеді. 

Желі қолданушысының бірі әншіден күйеуі жайлы сұраған болатын. "Күйеуіңіз қайда?" деп жазған әншіге оқырманы. Ал өнер иесі өзінің баласымен Алматыда, ал күйеуінің Шымкент қаласында тұратынын айтты.

"Осы секілді сұрақ өте көп. Күйеуіміз екеуміз екі қалада өмір сүреміз. Мен баламен Алматыдамын. Ал ол Шымкент қаласында. Өйткені сол жақта жұмыс істейді. Біз танысқан кезде солай болатын. Қазір де ештеңе өзгермеді. Ол мүмкіндігінше келіп тұрады. Біз оны сағынамыз, бірақ үнемі жанымызда болуын талап ете алмаймыз. Мен тұрмысқа шыққан алғашқы жылы оның жанында болдым", – деді әнші.

Алайда әнші босанатын кезде Алматыға кетіп қалған. 

“Аяғым ауыр екенін білгеннен кейін Алматыда босануға шешім қабылдадым. Жүктілігіме 7 ай болғанда Шымкенттен Алматыға кеттім. Содан бері осындамын. Маған Алматы ыңғайлы әрі жұмысым да осында. Айта кетейін, егер мен әлеуметтік желіде ас ішкенімді жарияламасам, ол менің аш екенімді білдірмейді," – деп жауап берді өнер иесі.