Абай облысында жұмысшылар 9 ай бойы жалақы алмаған
Бұл – 125 қызметкердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді
Прокурорлардың араласуының нәтижесінде кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы бойынша 90 миллион теңгеден астам қарыз төленді, деп хабарлады turkystan.kz.
Еңбек кодексінің ережелерін бұзған "Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамының басшылығы өз қызметкерлеріне тоғыз ай бойы жалақы төлемеген.
Прокуратура, әкімдік және облыстың уәкілетті органдары тарапынан бірлескен шаралар қабылданғаннан кейін жалақы бойынша барлық борыш өтелді. Бұл – 125 қызметкердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді.