Қоғам

Петропавлда тепловоз бен пойыз соқтығысты

Оқиға 6 желтоқсанда болған

Оқыс оқиға 6 желтоқсанда сағат 13:50-де Петропавл станциясында орын алған, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соқтығысу нәтижесінде пойыз вагондары жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ байланыс желісінің тірегі зақымдалған.

Петропавл станциясындағы пойыздардың қозғалысы үзілген жоқ. Оқиғаның салдарын жою үшін Петропавл станциясының қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.