Қоғам

-42 градус аяз: 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: qyzyljarnews.kz

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанып отыр.

Ауа райына байланысты еліміздің жеті аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тағы үш қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар туындауы мүмкін.

Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде сақылдаған аяз болып, сынап бағаны -37, -42 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанып отыр.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде сақылдаған сары аяз болады, сынап бағаны -35, -40 градусқа дейін төмендейді деп болжанады. Түнде Петропавлда да аяз болады: -36...-38°C.

Түнде Ақмола облысында сынап бағаны -40°C көрсетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алакөл ауданында, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

8 желтоқсанда сағат 21:00-ден 9 желтоқсанда сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланды.

8 желтоқсанда сағат 21:00-ден 9 желтоқсандағы 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланды.