Жаңалықтар

БҚО-да жол жиегінде дөңгелек ауыстырған екі адамды көлік қағып кеткен

Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда сағат 8:42-де болған.

Батыс Қазақстан облысында жол жиегінде көлік дөңгелегін ауыстырған екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 желтоқсанда сағат 8:42-де болған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.