Қостанайда жанармай құю бекетінде көлік өртенді

9 желтоқсан, 2023 / Меруерт Сағымхан
i1.wp.com
Жанармай құю станцияларының бірінде жеңіл автокөлік өртенген.

Қостанайда полицейлер жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанармай құю станцияларының бірінде жеңіл автокөлік өртенген.
 

«Өтіп бара жатқан учаскелік полицейлер Тимур Нұрлыбаев пен Сәкен Сапарбеков жанармай құятын көліктің капотынан түтін шығып жатқанын байқаған. Полицейлер көлікті қауіпсіз жерге итеруге көмектесті», – делінген хабарламада.
 

Қызыл жалын жанармай құю станциясының өрт сөндіргішімен ауыздықталды. Осылайша, қайғылы жағдай болуына жол берілмей, ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші полицейлерге жедел әрекет еткені үшін алғыс айтты.

Тэгтер:

Полиция көлік Қостанай жанармай өрт станция