Жаңалықтар

Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 37%-ға өсті

Елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған.

Биылғы қаңтардан қыркүйек айына дейін елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл – былтырғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға өскен. Былтыр елімізге 609,8 мың шетелдік келген.

9 айдың қорытындысы бойынша, 2023 жылы орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 553 мыңға артып, 5,4 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,3 миллион адамға көп (2019 жылдың 9 айында 4,1 млн адам).