Қоғам

«Тойына ақша табу қажет болды»: Ақмолада мал ұрылары ұсталды

Заттай дәлелдемелер ретінде ұрланған малдың терілері, сондай-ақ ұсталғандардың сатуға үлгермеген үш тұтас еті тәркіленді.

Ақмолалық полицейлер мал ұрыларын ұстады, күдіктінің бірі алдағы болатын үйлену тойына ақша тапқысы келген, деп хабарлады turkystan.kz.

Целиноград ауданының екі тұрғыны елордалық аумақта мал ұрлығымен айналысқан. Тергеу барысында ұсталғандардың екі фактіге қатысы бар екендігі дәлелденді. Сондай-ақ олардың Шортанды ауданының аумағында ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріледі.

Екі факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Целиноград ауданы мен астананың аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Нәтижесінде Қажымұқан ауылының екі тумасы анықталып, ұсталды.

Тергеу іс-шаралары барысында ұсталғандардың елдімекенге жалға алынған автокөлікпен келгені, малды ұрлап әкеткені, содан кейін сойғаны анықталды.