Жаңалықтар

Көршісін абайсызда өлтіріп алған павлодарлықтың бас бостандығы шектелді

Depositphotos.com

Қылмыстық істі «Абайсыздықпен өлтіру» бабы бойынша қараған.

Көршісін өлтірген 56 жастағы павлодарлықтың бостандығы шектелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Irbistv.kz сайтының мәліметінше, оған көрші әйел көмекке жүгінген. Әйел бірге тұратын ер адам оны ұрып тастап, үйге кіргізбей жатқанын айтқан.

Ер адамнан полиция шақыруды сұраған.

«Тәртіп сақшыларына хабарласқан күдікті далаға шыққанда көршісін мас күйінде кездестірген. Оның есін жидыру үшін бетінен соққан, сосын үйге кіргізген. Алайда көтере алмай, ер адам құлап басымен асфальтқа соғылған. Үш күннен соң жапа шегуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмған», – делінген хабарламада.

Қылмыстық істі «Абайсыздықпен өлтіру» бабы бойынша қараған. Марқұмның ағасы оны соттамауды сұрады. Сот үкімімен павлодарлықтың бір жарым жылға бостандығын шектеп, туысқандарына шамамен 2 миллион теңге төлеуді міндеттеді.