Жаңалықтар

«Қайрат миллион төлеп отыр»: Гүлзира Айдарбекова келіні қандай үйде тұратынын айтты

ашық дереккөз

Айдарбекова желіге жариялаған отбасылық видеосына үлкен немерелерін неге түспегенін түсіндірді.

Белігілі продюсер Гүлзира Айдарбекова үлкен келіні мен немерелерінің қайда тұратынын айтты.

Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында күйеуі мен ортаншы ұлының балаларымен түскен видео жариялап, оған пікір білдірген оқырмандарының сауалдарына жауап берді.

Желі қолданушыларының бірі «Бейнебаянға үлкен немерелерін де түсірсе жақсы болар еді» деп пікір қалдырған.

 «Шақырғанбыз, сабақтарынан босай алмады. Оларды күте алмай жолға шығып кеттік. Ортаншы ұлдың ұл-қызы мектепке бармаған соң түсірдік» деп жауап берді Г. Айдарбекова.

Сондай-ақ ол үлкен келіні мен немерелері қандай үйде тұратынын айтты.

 «Жұлдыз пәтерін сатып, коттедж алған жоқ па?!. Біткен жоқ әлі, бітсе кірер. Оны неге уайымдап отырсыз? Далада жүрген жоқ қой. Әкелері үйлері біткенше, пәтеріне ай сайын миллион теңге төлеп отыр. Жағдайлары жасаулы, ақшасын аяп жатқан жоқ, отбасы қалай жүріп-тұрса да», - деді продюсер.