T-Newspaper

Тарихпен ұштасқан тағдыр

turkystan.kz

Көшім хан сол заманғы өркениетті даму жағынан артта қалған Сібір жеріне алып келді. Исламды Сібір­де таратуға күш салды, Орталық Азия­ның ірі қалаларынан білімді дін басыларын шақыртты. Сібірде қалалар, қамалдар, керуен сарайлар салдыртып, сауданы да­мыт­ты, Сібірдің мұсылман елдерімен бай­ланысын нығайтты.

«Тарихты жасайтын халық, жазатын ға­лым» деген қанатты сөз қашан және кімге қа­­тысты айтылса да, өте дұрыс және орын­ды ай­­­тылған деуге болады. Антикалық заман­нан бері қоғамдық-гуманитарлық ғылым­дар ара­­сында тарих атты ғылымның маңы­зы мен рөлі қандай зор болып келсе, қазіргі XXI ғасырда оның маңызы еселеніп арта түс­песе, бір мысқал да азайған жоқ. Тіпті, күн өткен сайын тарихтың рөлі арта түсіп отыр деуге бо­лады. Технологиялардың өте қат­ты да­мы­ған қазір барлық ақпараттық құ­ралдар мен ақпараттық көздерде, әлеу­меттік желілерде қа­растырылып, көтеріліп, талқыланып, та­лас­тар тудырып жатқан тақырыптардың жар­тысынан астамы тіке­лей немесе жанама түрде болса да тарихпен байланысты екен. Сол себепті де адамзат бала­сы бар жерде та­рих­қа деген қызығушы­лықтар тоқтамайды, ар­та береді.

Халықтың тарихы – сол халықтың рухани байлығы. Кәсіби тарих­шы­лар ғана сол рухани байлықтың қадір-қ­а­сие­тін түсініп, оны уақыттың шаң-то­заң­да­­­рынан тазартып, оның беймәлім-белгісіз жақ­тары мен қырларын анықтап, халықтың сұраныстарын өтеп отырады. Сондықтан да та­рихшы мамандығы қаншалықты құрметті бол­са, соншалықты жауапты. Өз маман­ды­ғы­ның жауапкершілігін әбден түсінген, се­зінген адам ғана сол мамандығымен өмір сүреді, сонымен тыныстайды, теңеп айтсақ, одан бір елі де ажырай алмайды. Ондай та­рих­шылар ортамызда бар, біз оларды күн­де көріп, сөйлесіп жүрміз. Тек олардың іш­кі дүниесіне үңіліп, әлеміне бойлай бермейміз. Сондай тарихшыларымыздың бірі – тарих ғылымдарының докторы, про­фес­сор, Қазақ Білім беру Академиясының ака­демигі, Ш.Уә­лиханов атындағы тарих жә­не этно­ло­гия инс­титуты Жаңа замандағы Қа­зақстан та­ри­хы бөлімінің жетекші ғы­лыми қызмет­кері Мұрат Әбдіров.  Мұрат Жеткергенұлы туралы ең әділ жә­не өте дәл бағаны меніңше, 1962 жылы С.Ки­ров атындағы Қазақ Мемлекеттік уни­верситетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қа­зақ Ұлттық университеті) тарих факуль­те­тіне бірге қабылданған курстасы және шы­найы достықтарына 60 жылдан астам уа­қыт бойы қылаң түсірмеген досы, тарих ғы­лымдарының докторы, профессор Аман­гелді Құсайынов (марқұм) былай беріп еді: «Мұраттың жүрісі қалай түзу, бойы қалай тіп-тік болса, достыққа да дәл сондай адал». Ал­пыс жылдан астам уақыт бойы әбден сы­налған шынайы достыққа бұдан артық баға беру қиын шығар. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары та­рихшыларымыз ел тарихының ең өзекті мә­селелерін зерттеуде бұрынғы, ескі таптық прин­циптерге негізделген көзқарастар мен жет­піс жылдай үстем болып келген теория­лық-методологиядан бас тартып, тарихты өр­кениеттік тұрғыда зерттеуді қолға алға­ны белгілі. Алаш қозғалысы мен алаш қай­рат­­­керлері, 1930-жылдары Қазақстандағы аш­тық және оған қарсы болған көтерілістер жә­не тағы осындай бұрын айтылмаған, зерт­теуге тыйым салынған тақырыптар қол­ға алына бастайды да, алғашқы моног­ра­фиялар жарық көре бастаған еді. Сондай Ел тарихының Жаңа заман дәуіріндегі, дә­лі­рек айтсақ XVIII-XX ғасыр басындағы ең күрделі және өзекті болған мәселелері – ка­зак-орыс әскерлерінің жерімізді отарлауы, пат­шалы Ресейдің Қазақстан мен Орталық Азия­ны жаулап алуы, осы жаулап алу бары­сындағы – Орал, Орынбор, Сібір және Же­ті­су казак әскерлерінің рөлі жөніндегі мә­селелерді жүрек қалауымен ол жылдары көп­шілікке есімі онша таныс емес тарихшы Мұрат Әбдіров те таңдап алады. Теориялық дайындығы өте күшті және жаңа ұстаныммен қаруланған ол бірден зерттеу ісіне кірісіп, көп ұзамай өзі­­­нің алғашқы монографиялық еңбегін жа­риялайды. «Қазақстандағы казачество» та­қырыбына арналған алғашқы зерттеу ең­бегі 1994 жылы жарық көрген «История ка­зачество Казахстана» атты орыс тіліндегі мо­нография болды. Екі жылдан кейін ав­тор­дың «Хан Кучум: известный и неиз­вест­ный» атты, одан әрі тағы бірнеше жыл өт­кен­де «Завоевание Казахстана царской Рос­сией и борьба казахского народа за не­за­­­­висимость (Из истории военно-каза­чьей ко­лонизации края в конце XVIII – начале XX вв.)» атты монографиялары қалың көп­ші­ліктің қолына тиіп, сусындап отырған ха­лықтың тарихқа деген шөлін қандыруға кө­мектесті. Осылайша, тың тақырыптарды зерт­теп, оның нәтижелерін жеке кітаптар тү­рінде жариялау арқылы тарихшы Мұрат Жет­кергенұлының есімі еліміздің зиялы қауы­мына кең танымал болды. Қарастырып отыр­ған мәселеге байланысты профессор М.Әб­діров жеке және басқа да авторлар­мен бірлесіп, жалпы саны бес зерттеу ең­бек­терін жариялайды.  Бүгінгі күндері жетпіс жасты толық мең­геріп, сексеннің сеңгіріне кө­те­рі­ліп отырған профессор, тарих ғылым­дары­ның докторы Мұрат Әбдіровтің өмірі мен ғылыми шығармашылық жолын оқыр­мандарға таныстырып өту қажет шаруа деп ойлаймыз. Мұрат Жеткергенұлы 1943 жылы 14 жел­­тоқсаны күні Қызылорда облысының Арал қаласында көпбалалы жергілікті ауыл­дық интеллигенция отбасында дүниеге ке­­­­леді. Әкесі – Әбдіров Жеткерген (1909-1952) Орынбор жұмысшы факультетінде (раб­фак) оқып, одан кейін жоғары білімді Қа­зақ ауылшаруашылық институтында ал­ған. Соғыс жылдары Арал аудандық жер бө­лімінде бас агроном болып қызмет атқа­ра­ды. Анасы – Абилова Злиха (1917-1997) бүкіл ғұмырын ағарту ісіне арнаған ұстаз бол­ды. Қызылорда қаласындағы педу­чи­лище­ні, одан кейін Н.Гоголь атындағы Қы­зыл­орда мемлекеттік педагогикалық инс­титу­тының (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қы­зылорда университеті) тарих факуль­те­тін бітірген. Анасы Арал қаласындағы мек­теп­тердің бірінде алғашында бастауыш сы­ныптарына сабақ береді, одан кейін жо­ғары сыныптарға тарих пәнінің мұғалімі, мек­теп директорының оқу ісі бойынша орын­басары, директор, Арал аудандық пар­тия комитетінде бөлім меңгерушісі болып қыз­меттер атқарады. Мұраттан басқа от­ба­сында ағасы Бернат, Римма, Әлия, Роза, Рау­шан, Райхан есімді қыздар болады. Соң­ғы үш қыз кішкене кезінде шетінеп кетеді. Мұрат Жеткергенұлының тарихшы ма­ман­дығын таңдауына біріншіден, анасының тарих­шы болуы болса, екіншіден, үйінде та­рихи монографиялар мен тарихи оқу­лық­тардан басқа тарихи тақырыптарға ар­­­налған кітаптардың, әртүрлі жанр­лар­да­ғы әдебиеттердің өте көп болуы әсер етеді. Әріп танып, өз бетінше кітап оқуға шамасы жет­кенде, бала Мұраттың қолына алған ал­ғаш­қы кітаптарының бірі – 1943 жылы жа­рық көрген «Қазақ ССР тарихы» атты ака­­демиялық басылымның бірінші басы­лы­мы болды. Сол кітаптан жас бала 1837-1847 жыл­дардағы Кенесары Қасымұлының ұлт-азат­тық көтерілісі туралы оқыса, үлкен­дер­дің аузынан 1928-1933 жылдардағы аштық пен Ырғыз, Қарақұм, Тәуіп көтерілістері тура­лы көп әңгімелерді естиді. Отбасының ең жақын туыстары осы көтерілістерге қа­тысқаны үшін қаза тапса, бір туыстары істі бо­лып, қуғын-сүргінге ұшырайды. Осы­лай­ша, бала кезінен бастап Мұрат Жеткергенұлы тарих­қа қатысты ақпараттардың бәрін са­на­сына сіңіріп өседі.  Арал қаласы теңіз қайтқанға дейін өн­дірісі дамыған қалалардың бірі болғаны бел­гілі. Қаладағы кеме жөндеу зауыты, ірі ба­лық комбинаты, тұз өндіру комбинаты, теңіз порты секілді ірі өндіріс орындары со­ғыстан кейінгі жылдары бүкілодақтық ме­кеме болып саналатын да, оған мамандар Мәс­кеу, Ленинград, Киев, Алматы, Ташкент, Ха­рьков және КСРО-ның тағы басқа ірі қа­ла­­ларынан келетін. 1960-жылдары Арал­да­ғы балық комбинаты жылына 600 мың цент­нер балық өңдесе, тұз өндіретін «Арал­тұз» комбинаты 600 мың тонна тұз өндіреді. Сондай-ақ осы жылдары Арал қаласындағы теңіз портының рөлі күшейіп, Арал қала­сы­нан Мойнақ, Нөкіс, Шаржау қалаларына жо­лаушылар таситын кеме қатынасы жұ­мыс істеп тұрды. Өзбекстанға тасы­мал­дана­тын тауардың 70, Түрікменстанға 25 пайы­зы Арал теңіз порты арқылы шығарылып тұрғанын қазіргі кезде аралдықтардың кө­бісі біле бермейді. Осындай өндірісі қарқындап дамы­ған қа­лаға инженер, технолог ма­ман­­дармен қа­тар қаладағы орта мектептерге де Одақтың ірі қалаларындағы институттар мен университеттерді бітірген жас маман­дар жолдамамен келетін. Қаладағы Мұрат Жет­кергенұлы оқыған Н.Крупская атын­да­ғы №14 орта мектептегі мұғалімдер ұжымы да осындай жоғары білімді, білікті ұстаз­дар­дан құралған болатын. Жасы сексенге келсе де, Мұрат Жеткергенұлы әлі күнге дейін са­бақ берген ұстаздарын жиі еске алып оты­рады. Отбасының көршілері, отбасымен жа­қын-дос отбасылар ата-анасымен туыс­тай араласып кетеді де, кейбіреулерін сол кез­дегідей әлі күнге дейін Мұрат ағай Ра­фаэль Эвельевич, Эсфирь Абрамовна деп атайды.  Мектепті бітірген соң Мұрат Жет­кер­генұлы Саратов қаласындағы мем­ле­кеттік университеттің тарих факультетіне құ­жаттар тапсырады. Емтихандарды «жақ­сы», «өте жақсы» бағалармен тапсырса да кон­курста бір балл жетпей, туған қаласына қайтады. Жастайынан тәртіпке, еңбекке бейім­делген жас жігіт бірден қаладағы кеме жөн­деу зауытына слесарь-монтажниктің кө­мекшісі және Арал теңіз кеме қатынасы ме­кемесіне матрос болып орналасады да, екі жыл жұмыс істейді. 1962 жылы қабылдау емтихандарын «өте жақсы» бағаларға тапсырып, Алматы­да­ғы С.Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих фа­культетінің студенті атанады. Екінші курс­та әскерге шақырылып, 1963-1967 жыл­дары 4 жыл Солтүстік флоттың суасты сүң­гуір кемесінде қызмет атқарады. Ал груп­палас досы Амангелді Құсайынов та әс­керге қатар шақырылып, ол 3 жыл Вьет­намдағы соғысқа барып келеді. Марқұм Әбе­кең досы Мұрат ағай туралы «Бұрын да қа­таң тәртіпті сүйетін досымызды төрт жыл­дық Солтүстік флоттағы әскери қызмет ері­мейтін мұз сияқты одан әрі қатырып тас­тады», – деп әзілдеуші еді. Әскери боры­шын абыроймен атқарып, саналы азамат бол­ған Мұрат ағай университеттегі оқуын одан әрі жалғастырады, өзіне серт беріп, үзі­ліп қалған кездердегі бағдарламаны игеру үшін кітаптан бас алмайды. 1969 жы­лы 3-курстың әрі үздік, әрі қоғамдық жұ­мыс­тарға белсене араласушы студенті М.Әб­­­діровке Қазақ КСР Жоғары және ар­найы орта білім министрлігінің ұсынысы бойынша университет басшылығы Мәс­кеу­дегі КСРО СІМ МГИМО-да (Мәскеу Мем­ле­кет­­тік Халықаралық қатынастар инсти­ту­ты) оқуға жібермек болады. Бірақ та тарих­шы болуды армандаған Мұрат Жеткер­ген­ұлы бұл ұсыныстан бас тартады. Оның ор­нына курстасы, қазіргі кездегі қоғам және мем­лекет қайраткері, экс-сенатор Ғани Есен­келдіұлы Қасымов барады. 1971 жылы дип­лом жұмысын «үздік» бағаға қорғап, уни­верситетті аяқтайды да, Мұрат Же­т­кер­генұлы жас маман ретінде жолдамамен Орал Пединститутына жіберіледі.  Мұрат ағаның одан арғы өмір жолына қа­расақ, былайша жалғасады. 1971-1973 жыл­дар – Орал Пединститутында (қазіргі Ма­хамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қ­азақстан Мемлекеттік университеті) ас­систент, оқытушылық қызмет, 1973-1975 жыл­дар – Орал облыстық партия коми­те­ті­нің лекторы қызметі, 1975-1975 жылдар – қайтадан пединститутта оқытушылық қызмет, 1977-1980 жылдар – С.Киров атын­да­ғы ҚазМу-да аспирантура. 1981 жылы кан­дидаттық диссертациясын қорғайды да, Қазақстан КП ОК-нің жолдамасымен Пар­тия тарихы институтына аға ғылыми қыз­мет­кер ретінде жіберіледі. Онда 1987 жылға дейін жұмыс істеп, 1987-1991 жылдары ВПШ-да (Алматы Жоғары партия мектебі) доцент болып жұмыс атқарады. Бұл оқу орны 1991 жылы Алматы саясаттану және бас­қару институты болып, кейіннен КИМЭП болып қайта құрылғаны баршаға аян. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында еліміздің ЖОО-да бұрынғы «КСРО тарихы», «КОКП тарихы» секілді міндетті оқыты­ла­тын пәндердің орнына «Қазақстан тарихы» пә­ні оқытыла бастап, ол үшін арнайы ка­федралар ашыла бастады. Соған байланысты Мұрат Жеткергенұлы маман ретінде 1992 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық универ­си­те­тіне Қазақстан тарихы кафедрасына мең­геру­шісі болып ауысады. Ғылыми ізденістерін жалғастыра жү­ріп, Мұрат Жеткергенұлы 1998 жылы өзі оқыған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дис­сертациялық Кеңесінде «Военно-ка­зачья колонизация Казахстана царской Рос­сией: опыт историко-эволюционного ана­лиза» деген тақырыпта докторлық дис­сертациясын қорғап шығады. Диссертация­лық жұмысқа академиктер С.Зиманов,  Б.Кумеков оң бағалар береді.  1999-2002 жылдары Л.Гумилев атын­да­ғы Евразия университетіне шақырылып, сая­саттану, әлеуметтану және халықаралық қа­­тынастар кафедрасына меңгеруші болып ка­федраның аяқтан тұруына көп жәрдемін ти­гізеді. Одан кейін Алматыға қайта ора­лып, Абай атындағы АГУ, Қазақ-Британ Тех­никалық университетінде (КБТУ), МАБ се­кілді жоғары оқу орындарында ха­лық­ара­лық қатынастар, саясаттану, Қазақстан та­ри­хы бойынша дәрістер оқиды. Қазіргі таң­да профессор М.Әбдіров Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология институ­тын­да жетекші ғылыми қызметкер болып қыз­мет атқарып жүр. Ағамыздың қысқаша өмір жолы осындай. Енді ғылыми шығармашылығы жөнінде бір-екі ауыз сөз.  Мұрат Жеткергенұлымен әңгімелесу бары­сында одан «Казак-орыс әскері та­қы­ры­бына қалай келдіңіз?» деп сұрағанымызда ол былай деп жауап берген еді. «1971-1977 жыл­дары Орал қаласында оқытушылық жә­не обкомның лекторы бола жүріп, Батыс Қа­зақстанның аудандарын, елді-мекендерін то­лық араладым. Сонда бір байқағаным, Орын­бор казак-орыс әскерінен қалған ка­зак­тар әлі бар екен. Олардың ментали­те­тін өз бетімше зерттей бастадым да, көп нәр­се­ні түйіп алдым. Бірақ ол кезде Қазақстанды отарлау туралы, казак-орыс әскерінің отар­лаудағы рөлі туралы жазу мүмкін емес еді. Ақыры күткен сәтіміз 1991 жылдан кейін келді». Алғашқы еңбек «Қазақстандағы ка­зак­тар» тақырыбына арналса, одан кейінгі тақырып – «Казак-орыс әскерлерінің Қазақ­стан­ды жаулаудағы рөлі» болды. Шынында да, көптеген тарихшымыз патшалы Ресейдің Қазақстанды жау­лап алуы, отарлау саясатын жүргізуі, оның құрамдас бөлігі болып саналатын орыс­­­­тандыру, қоныстандыру сияқты бағыт­тарын жүргізуі туралы білсе де, тіпті осы ба­ғыттардың кеңестік кезеңде де басқаша әдіс­термен жалғасқанын сезсе де ашық, рес­ми түрде айта алмайтын. 1980-жыл­дар­дың соңында Кеңестер Одағына тірек бо­лып келген Компартияның беделі түсіп, ғы­лымға ондаған жыл бойы үстемдік құрып кел­­ген оның таптық ұстанымдары мен теео­риялық-методологиясынан бас тарту бас­­талады да, тарихшыларымыз өз ізденіс­те­рінде адамзат баласы қолданып жүрген тап­­тық емес ұстанымдар мен жаңа теорияға – өркениеттік теориясына көше бастады. Мұрат Жеткергенұлы да өз зерттеулерін заман талабына сай жүргізе бастады. Оның жаңа­ша көзқарас тұрғысынан жазылған алғашқы еңбектерінің біріне – кезінде ел арасында өте танымалдық туғызған, Мәкеңе атақта, абырой да әкелген Көшім хан тура­лы еңбегі еді. Автор не себепті Көшім хан тұлғасына дәл бүгін қызығушылық артып отыр деп сұ­рақ қояды да, оған былай жауап береді. Кө­шім хан, оның ұлдары және немерелері ал­ғаш рет орыс билігінің шығыстағы жау­лап алу саясатына қарсы тұрды, Орыс мем­леке­тінің Сібір мен солтүстік Қазақстанға енуіне қарсылық білдірді. Көшім хан – қа­лып­таса бастаған орыс отарлық импе­рия­сы­ның алғашқы құрбаны болды, одан кейін Кенесары хан, Шәміл имам және тағы басқа ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері осын­дай күйді бастарынан кешеді. М.Әбді­ров осылай 400 жыл бойы Ресей тарих­на­ма­сында Көшім ханның жеке тарихи тұл­ға­сына беріліп келген теріс бағалардың бәрінің түбінде біржақты, шынайылыққа не­гізделмеген көзқарастар тұрғанын ашып көр­сетеді. Одан әрі Көшім ханның өмірі мен сұлтандық, хандық жылдарындағы жүр­гізген саясатын қорытындылай келе, мынадай тұжырымдарды алға тартады. Бірінші, Көшім хан аз ғана уақыт Сібір ханы болғанымен Орал, Сібір және Қазақстан та­рихында өзіндік із қалдырды. Тек оның тұсында ғана Сібір хандығы толық мәндегі мемлекет бола алды. Екінші, Көшім хан сол заманғы өркениетті даму жағынан артта қалған Сібір жеріне алып келді. Исламды Сібір­де таратуға күш салды, Орталық Азия­ның ірі қалаларынан білімді дін басыларын шақыртты. Сібірде қалалар, қамалдар, керуен сарайлар салдыртып, сауданы да­мыт­ты, Сібірдің мұсылман елдерімен бай­ланысын нығайтты. Үшінші, Көшім хан орыс­тардың оңтүстікке қарай, яғни қазақ же­ріне қарай жылжуын жүз жылға тоқ­татты. Көшім хан мен оның ұрпақтарының, жергілікті қазақ тайпаларының тегеурінді қарсылығын көрген орыстар шығысқа қа­рай, Тынық мұхит жағына қарай бет алды. Мұндай тұжырымдарды тек жаңаша ұста­нымдарға сүйенген, жаңа теорияларға негіз­­­­делген нағыз ұлтжанды тарихшы ғана айта алушы еді. Мұрат Жеткергенұлы өзінің ғылыми ұстанымы мен зерттеушілік мінезі арқылы осындай тұжырымдар жасай алды. Көшім хан туралы мұндай тұжырымдар сол кездер үшін бұрынғыларды тас-талқан еткен нағыз революциялық тұжырымдар болды. Дәл осындай ұстанымдар мен көз­қа­рас­тар тарихшының өзге де жұмыстарында не­гіз етіп алынып, ұлттық мүдде мен сұра­ныс­тарына сай келетін тұжырымдарға жет­кізеді. Ел тарихын жақсы көретін оқыр­мандарға тек оларды іздеп тауып, таны­сың­дар, біліңдер демекшіміз.  Мұрат Жеткергенұлы өзінің ізденіс­терімен қатар, ғылым жолында шәкірттер даярлауда да жемісті еңбек етті деуге бола­ды. Оның жетекшілігімен бес шәкірті ғы­лым кандидаты атанып, еліміздің қоғамдық өмірінің әр саласында жемісті еңбек етуде. Сон­дай-ақ ол әр жылдары ғылыми кадрлар даяр­лау ісіне де белсене араласып, Алматы, Астана қалаларындағы Ұлттық универси­тет­тер жанынан құрылған Диссертациялық Кеңестердің мүшесі болып қаншама жас ғы­лым кандидаттарының қанаттарын қақ­тырды. Қаншама ғылым кандидатына рес­ми оппонент болып, әділ бағасын берді. Ал 2003-2005 жылдары қоғамдық негізде ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғарғы Ат­тестациялық комитетінің тарих ғылым­дары бойынша Эксперттік кеңесінің төра­ғасы болды.  Осылайша, мерейтой қарсаңында та­рих­шы ғалым, профессор Мұрат Жет­кер­генұлының өмірі мен шығармашылық жо­лын, ғылымдағы сіңірген еңбегін газет арқылы оқырмандарға таныстыра отыра, оған жұбайы Тамара Мүталімқызы екеуіңіз ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіз­дің барлық жетістіктері мен жемістеріне қуанып, өмірдің бар қызықтарын тамаша­лай беріңіз, қаламыңыздың ұшынан ел қы­зыға оқитын тақырыптар туа берсін де­мек­піз.   

Берекет Кәрібаев,  ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы