Аяз, жел: 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

9 желтоқсан, 2023 / Анель Жарылғасын
24.kz
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Синоптиктер 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Шығыс өңірлерде онымен қоса, бұрқасын болады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Синоптиктер Желтоқсан