Өскемен қаласында қызылша дертінен 6 айлық сәби көз жұмды
Соңғы үш тәулікте Шығыс Қазақстан облысының орталығында 92 адам қызылша жұқтырған.
Өскемен қаласында қызылша дертінен 6 айлық сәби көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Qazaqstan арнасының мәліметінше, соңғы үш тәулікте Шығыс Қазақстан облысының орталығында 92 адам қызылша жұқтырған. Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмағандар.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы таратқан ақпаратқа қарағанда, жыл басынан бері Қазақстанда 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды. Медицина мамандарының айтуынша, эпид ахуал өте күрделі. Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді. Көбіне қызылша 14 жасқа дейінгі балаларға үйір келетін көрінеді.