Жаңалықтар

БҚО-да жол апатынан 3 адам қаза тапты

қайғылы оқиға 7 желтоқсанда таңғы сағат 08:15 шамасында болған.

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апаты болып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға 7 желтоқсанда таңғы сағат 08:15 шамасында Жәнібек ауданына қарасты «Көлтабан» ауылдық округінен 10 шақырым қашықта болған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.