Жаңалықтар

Ақмола облысының полицийлері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Tengrinews.kz

ПД басшылығы 400-ден астам полицейді күшейтілген патрульдеуге бағыттады.

Қатты аязға байланысты Ақмола облысында полиция күшейтілген режимге ауысты, деп хабарлады turkystan.kz. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ПД басшылығы 400-ден астам полицейді күшейтілген патрульдеуге бағыттады.  

«7 желтоқсан сағат 18.00 шамасында температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель жанармайымен жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу енгізілетін болады», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.  

Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық балалар топтарын тасымалдайтын компанияларға мұндай ауа райында қозғалу қауіпті екенін ескертуді тапсырды.