Елордада сырғанақтар мен мұз айдындары қай жерде ашылады?

7 желтоқсан, 2023 / Анель Жарылғасын
sxodim.com
Астана тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін болады.

Астанада сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоаймақтар және өзге де көптеген көңілді орындар ашылады. Барлығы 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары дайындалады.

Олардың бәріне кіру елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады. Қыс мезгілінде бос уақытты пайдалы өткізу үшін мынадай орындар белгіленді:

Байқоңыр ауданында:

Сарыарқа ауданында мына орындар бойынша 11 сырғанақ пен 4 мұз айдынын салу жоспарланып отыр:

Бөгенбай батыр даңғылы, 43, (мұз айдыны);

Қалалық алаң, Бейбітшілік көшесі, 11 (2 сырғанақ және мұз айдыны);

Көктал саябағы (2 сырғанақ және мұз айдыны);

Кенесары хан ескерткішінің жанындағы Есіл өзенінің жағалауы (6 сырғанақ пен мұз айдыны);

Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысы (1 сырғанақ).

Алматы ауданында сырғанақтар (11) "Қазақ елі" алаңында, Триатлон саябағында, Пирамиданың артындағы саябақта, Оқушылар сарайының аумағында, "Нұрлы жол" вокзалының аумағында, Сарайшық шағын ауданында, тағы 5 сырғанақ Теміржолшылар, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино елді-мекендерінде болмақ. Мұз айдындары "Қазақ елі" алаңында, "Триатлон" саябағында, "Пирамида" артындағы саябақта және көпір астындағы аумақта орналасады.

Нұра ауданында да арнайы тақырыпқа арналған шағын архитектуралық фигуралар орнатылады, фотоаймақтар ашылады және 6 төбешік пен 2 сырғанақ болады:

Есіл ауданында мерекелік іс-шараларды өткізу үшін үш негізгі орын белгіленді – ЭКСПО алаңы, Ботаникалық бақ және "Керуен" сауда үйі. Ботаникалық бақта және ЭКСПО аумағында 2 төбешік, Ботаникалық бақта, "Керуен" СОО жанында мұз айдыны, сонымен қатар ЭКСПО аумағында 2 сырғанақ орнатылады.

Сондай-ақ, "Бәйтерек" монументі, Салтанат қақпасы, Нұржол бульвары және "Астана Балет" театры маңындағы аумақтар шағын архитектуралық фигуралармен безендіріледі. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Мәңгілік Ел даңғылы, Достық, Сарайшық, Қонаев, Бөкей хан көшелері бойындағы т.б. ағаштарды безендіру жоспарланып отыр.

Тэгтер:

Астана Жаңа жыл мұз айдыны сырғанақ каток