Қоғам

Жұлдызай Дүйсенбиева отбасына қатысты қауесетті жоққа шығарды

Фото: stan.kz

Актрисаға желі оқырмандарының бірі жеке өміріне қатысты сауал қойған.

Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіде отбасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Актрисаға желі оқырмандарының бірі жеке өміріне қатысты сауал қойған.

«Жұлдызай, сіз кеш тұрмысқа шықтыңыз. Бірақ ажырастыңыз ба? Неге? Отбасымен өмір әдемі ғой. Өмірлік серігіңіз Өмірсерік сіздей әйелден қалай кетті? Ортадағы балаға обал-ай», - деп жазған оқырманға актриса «Ажырасқан жоқпын. Жолдасым жанымда. Уайымдамаңыздар», - деп жауап берді.