Астана қалалық жедел жәрдем стансасының басшысы сот шешімімен екі айға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.
"2023 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысын 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қалалық жедел жәрдем стансасының басшысы Мұрат Оразбаевтың ұсталғаны белгілі болды.