Қоғам

2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады?

Фото: kaz.caravan.kz

Келесі жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

ең төменгі жалақы – 85 мың теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 мың теңге;

зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 мың теңге;

айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 мың теңге болады.