Жаңалықтар

42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Sputnik

Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте жел күшейеді.

«Қазгидромет» РМК 7-9 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс суық антициклонның ықпалынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.

Еліміздің шығысы мен оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

«Түнде ауа температурасы батыста 10-20 аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, елдің солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 5-13 градусқа дейін нөлден төмен болады», – делінген хабарламада.