Жаңалықтар

Жанармай құю бекетінде жалған ақшамен төлем жасаған күдікті ұсталды

Күдіктінің айтуынша, ақшаны оған таныстары берген.

Ақмола облысының тұрғыны жанармай құю бекетінде жалған ақшамен төлем жасаған, деп хабарлады turkystan.kz.

«Автоураган» жүйесінің көмегімен жалған ақша купюрасымен төлеген күдікті анықталды.

Бурабай ауданының полиция бөліміне жанармай құю бекеттерінің біріндегі қауіпсіздік қызметінің қызметкері алаяқтық туралы арызбен жүгінді.

«Автоураган» жүйесінің көмегімен жалған ақшамен төлем жасаған адам анықталды. Ол 44 жастағы Жамбыл облысы, Шу қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, ақшаны оған таныстары берген және ол қателесіп ақшаны әмиянға салған.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.