Саясат

Алматы облысында «AMANAT» партиясының жанынан әйелдер қанаты құрылды

AMANAT партиясы

Бұл қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін айқындап, гендерлік саясатты дамытуға жол ашпақ.

Қазір әйел азаматтар барлық салада қызмет атқарады. Десе де, нәзік жандылардың шешілмеген түйіндері көп. Партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың айтуынша, бұл ұйым осы мәселелерді шешумен айналысады.

«Бүгінде саясатта, мемлекеттік басқаруда, кәсіпкерлік саласында әйелдердің мүмкіндігі артқан. Мәселен, Алматы облысында аманаттықтардың 76 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Біздің негізгі мақсатымыз – әйел мәртебесін көтеру, олардың ғылымдағы, қоғамдағы рөлін айқындау, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу. Сондай-ақ, отбасы құндылықтарын дәріптеу, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету және басқа да бағыттарды қолға алуды көздейміз», – дейді партия филиалының төрағасы.

Бұл істі жүзеге асыру үшін аймақтық Саяси Бюро кеңесінің шешімімен Halyk Bank Алматы облыстық филиалының директоры Гүлмира Ахметова әйелдер қанатының кеңесшісі болып тағайындалды.

«Маған осындай жауапты істі жүргізуге үлкен сенім артып отырған партияластарға алғыс білдіремін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белең алған шақта әйелдерге қолдау көрсету керек. Әйелдердің дәрежесін көтеріп, ғылым мен білім, бизнесте орнын айшықтау - біздің міндетіміз. Бұл іске өңірдің ең іскер ханымдарын жұмылдырмақпыз. Қай салада болмаса да әйелдер белсенді. Оны ешкім жоққа шығармас. Саясатта да әйелдің рөлі өте жоғары», – дейді Гүлмира Ахметова.

Жалпы, бүгінгі күні өңірде облыстық мәслихаттыңдепутаттары қатарында – 8 әйел бар. Ал аудандық, қалалық мәслихаттарында 190 мандат болса, оның 43-інәзік жандылар. 

Аймақтағы саясат, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар және т.б салалардытабысты қызмет етіп келе жатқан әйелдер, көпбалалыаналар қауымымен өткен басқосу еркін пікір-алмасуғаұласып, түрлі ұсыныс-тілектер айтылды.

Айта кету керек, Әйелдер қанаты 10 басым бағыттыңаясында жұмысын жүзеге асыратын болады.