Спорт

Сәбина Алтынбекова мансабына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: tengrinews.kz

Спортшы Instagram-дағы сторис бөлімінде жаттығу залынан фото жариялады.

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова мансабы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz

Спортшы Instagram-дағы сторис бөлімінде жаттығу залынан фото жариялады.

«Босанғаннан кейін үш айдан соң қайта жаттыға бастадым және Араб лигасының чемпионы атанып, маусымды сәтті өткіздім. Ең бастысы, қазір менің ең үлкен мотивациям, ең үлкен жанкүйерім – ұлым бар. Қазір жаңа маусымға дайындалып жатырмын. Сәтті өтетініне еш күмәнім жоқ», - деп жазды ол.