Жаңалықтар

WTA Елена Рыбакинаның басты қарсыласын атады

WTA ресми сайты 2023 жылғы басты теннис матчтарына шолу жасады

WTA ресми сайты 2023 жылғы басты теннис матчтарына шолу жасады. Шолушы Алекс Макферсон қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Беларусь теннисшісі Арина Соболенко арасындағы текетіресті ерекше атап өтті, деп хабарлады turkystan.kz  Prosports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында рейтингті жаңартты. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орында тұр. Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ).

Жұптық сында Рыбакина бір саты төмендеп, 123-орынға тұрақтады.