Елордада бес сағатта 79 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтауы керек.
Астанадағы көктайғақтың кесірінен 5 сағаттың ішінде 79 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ауа райы мен жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, күрт тежемеуді, қашықтықты сақтауды сұраймыз. Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтауы керек. Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді арнайы белгіленген жерлерден кесіп өту керек. Жол қозғалысы ережелеріне немқұрайлы қарау, атап айтқанда, жылдамдықты сақтамау оқыс оқиғаға әкелуі мүмкін», – делінген хабарламада.