Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды

5 желтоқсан, 2023 / Анель Жарылғасын
Aikyn.kz
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарға автокөлік үшін қозғалыс шектелген.

Қолайсыз ауа райына байланысты 4-6 желтоқсанда республикамыздың бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.

Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық автожолдардың 13 учаскесінде және облыстық маңызы бар 23 учаскеде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалыс жабық және шектелген.

 

Тэгтер:

Астана Қостанай қозғалыс автожол Республикалық Облыстық