Спорт

Биылғы маусым мен үшін ең үздік болды – Александр Бублик

Қазақстандық теннисші биыл екі турнирде жеңіске жетті.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик 2023 жылғы маусымдағы өнерін үздік деп бағалайтынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық теннисші биыл екі турнирде жеңіске жетті.

Алдымен маусым айында Галле (Германия) ATP 500 жарысында финалда ресейлік Андрей Рублевті ұтып, чемпион атанды. Содан кейін қазанда Антверпен (Бельгия) ATP 250 додасында соңғы бәсекеде франциялық Артур Фисті жеңді.