Жаңалықтар

InDrive негізін қалаушы Қазақстан азаматтығын алды

forbes.ru

Ол ел азаматтығын ҚР Үкіметінің шақыруымен қабылдағанын атап өтті.

InDrive тасымалдау қызметінің негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды.

Ол өзінің Telegram арнасында ҚР Үкіметінің шақыруымен ел азаматтығын қабылдағанын атап өтті.

«Қазақстан Үкіметінің шақыруымен мен осы елдің азаматтығын қабылдадым. InDrive жаһандық компанияға айналды, жаһандық миссиясы мен стратегиялық мақсаттары бар. Оған қоса, бас директоры, құрылтайшысы және негізгі акционері – бейтарап елдің азаматы болса, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі әлдеқайда жоғарылайды.

Дегенмен, Якутия – менің Отаным, ал мен саха болып қаламын, мен республиканың өмірін жақсарту үшін аянбаймын. InDrive неғұрлым табысты болса, соғұрлым Якутияға көп пайдам тиеді – табысымның барлығын дерлік көбіне коммерциялық емес жобаларымызға жұмсаймын, оған қоса, олардың барлығы да Якутиядан бастауын алды десе болады» деп жазды ол .

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Арсен біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келгенін жеткізді. 

«Соңғы жылдары Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды кәсіпкерлерді тартатын орынға айналды. (...) Мысалы, бүгін inDrive негізін қалаушысы әрі бас директоры Арсен Томский Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын ресми түрде мәлімдеді», – деді министр Telegram арнасында.