T-LIFE

Әлемдегі ең кәрі жануар 191 жасқа толды

Сурет: guinnessworldrecords.com

Сейшел алып тасбақалары әдетте шамамен 150 жыл өмір сүреді, бірақ 191 жастағы Джонатан бұл межеден асып түсті.

Әлемдегі ең кәрі жаратылыс 191 жасқа толды, деп хабарлайды turkystan.kz www.guinnessworldrecords.com-ға сілтеме жасап.

Сейшел алып тасбақалары әдетте шамамен 150 жыл өмір сүреді, бірақ 191 жастағы Джонатан бұл межеден асып түсті. Сөйтіп ол жердегі барлық жаратылыстың ішінде ең көп жасаған тіршілік иесі атанып отыр.

Көзі толығымен көрмегеніне және иіс сезу қабілетінің нашарлығына қарамастан, ол әлі тың әрі белсенді және көп ұзамай жердегі өмірдің үшінші ғасырының табалдырығын аттамақ.