Жаңалықтар

Қостанай облысында қоймадағы 20 тонна шемішке өртеніп кетті

скриншот

Өрттің алдын ала себебі - технологиялық процестің бұзылуы.

2 желтоқсан күні Пешковка ауылы «Трояна» ЖШС аумағындағы кептіру камерасынан өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

200 шаршы метр аумақты қамтыған бөлек астық кептіргіштегі шемішке (шамамен 20 тонна) өртеніп кетті.

- Өрт 7.30 шамасында толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - технологиялық процестің бұзылуы, - делінген хабарламада.