Саясат

Ержан Сейітқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан Сейітқұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Өтенұлы Тілеубеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.