Air Astana компаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды

4 желтоқсан, 2023 / Анель Жарылғасын
qazaqstan.tv
Компанияға ішкі рейстер бағасын 2024 жылдың соңына дейін көтермеу міндеттелді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура органдарының Air Astana әуе компаниясына қатысты бірлесіп жүргізген тексеруі аяқталды.

Ведомство мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша, «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жанармай алымын негізсіз қолдануда көрсетілген үстем/монополиялық ережені теріс пайдаланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Эйр Астана жолаушылардың барлық санатынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды», - делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетсек, отын алымы тасымалдауға арналған тарифтің қолданылу кезеңінде авиаотынға жұмсалатын шығындардың өсуін өтеу мақсатында ғана алынуы мүмкін, оны есептеу кезінде бұл өсімді ескеру мүмкін болмаған.

«Эйр Астана» авиакомпаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополиялық/үстем бағыттардағы бағаны тежеуге бағытталған, атап айтқанда, төмендегі міндеттерді көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасалды:

Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау агенттігі келесі жүйелі шараларға бастамашылық жасайды:

Агенттіктің бастамасымен Көлік министрлігі «ауа еркіндігінің» 5-дәрежесіне қолжетімділікті кеңейту мақсатында шетелдік тасымалдаушылардың отандық авиакомпаниялармен қатар жекелеген әуежайларда маршруттар бойынша ұшуларды жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейтетін шаралар қабылдады. Бұл шетелдік авиакомпаниялардың келуін ынталандыруға мүмкіндік береді, бәсекелестікке оң әсер етеді және тұтынушылардың таңдауын арттырады;

Агенттік жанармай алымын алуды тоқтатуды көздейтін заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.  

Тэгтер:

Айыппұл Air Astana Әуе компаниясы