Жаңалықтар

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр, қар жауады

4 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді.