Түркістанда жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды
Баланың денесі септиктен табылды
Түркістан облысында жоғалған 4 жасар Бақыт Айбардың денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүлдіршіннің денесі көрші үйдің жанындағы септиктен табылған.
“Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан (септик) табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, Полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда”, – делінген хабарламада.