Жаңалықтар

Әуе билеттері арзандауы мүмкін: «ашық аспан» режиміне өзгеріс енгізілді

Шетелдік әуе компаниялары 5-ші дәрежелі "әуе еркіндігі" бар бірнеше отандық әуежайға шектеусіз ұша алады

Қазақстан бәсекелестікті арттыру мақсатында "ашық аспан" режиміне өзгеріс енгізді, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, министрлік "ашық аспан" режимін енгізу туралы бұйрықта шетелдік әуе компанияларына 5-ші дәрежелі "әуе еркіндігін" пайдалануға қатысты шектеулерді алып тастады. Енді олар отандық компаниялар ұшпайтын бағыттарда қызмет көрсете алады.

Айта кетері, "ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында қолданылады.