Астанада аты шулы кәсіпкердің моншасы өртеніп кетті
Астанада монша өртенді
Астанада элиталық монша кешені өртенді. Ол аты шулы кәсіпкер Александр Орловқа тиесілі болатын, деп хабарлады turkystan.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ағаштан жасалған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры жанған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Алдын ала мәлімет бойынша, өрт "Орловские бани" моншасының 150 шаршы метрін шарпыған. Өрт сағат 22:06-да сөндірілді. 14 қызметкер мен 3 бірлік техника шықты", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.