Қоғам

Түркістан қаласында 4 жасар баланы іздеуге әскерилер жұмылдырылды

Түркістан облысы ПД

Түркістанда 4 жасар бала жоғалып кеткен

Түркістанда 4 жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоғалған бүлдіршінді табуға әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазіргі уақытта ұлттық ұланның сарбаздары тәртіп сақшыларымен бірге жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 

«Облыстағы 17 қала, ауданға бүлдіршіннің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер жіберілді. Полицияның жеке құрамы мен иісшіл иттер, әскерилер мен еріктілер және жедел уәкілдерден құралған арнайы топ жан жақты жұмыс істеп жатыр. Іздеуге дрон апараты қолданылуда», - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.