Қоғам

Қазақстанда жеке куәліктің қағаз көшірмесін жинауға тыйым салынады

Енді азаматтардың жеке дерегін қорғау күшейтіледі

Қазақстанда жеке куәліктің қағаз көшірмесін жинауға тыйым салынады. Аталмыш заң жобасы жоғары палата қабырғасында қолдау тапты, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Енді азаматтардың жеке дерегін қорғау күшейтіледі. Мұнымен қоса, жоба қазақстандықтарға электрондық үкімет порталы арқылы банктен берешек алудан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік береді.

Аталған бастама алдымен алаяқтардан қорғауға бағытталған. Құжатты таныстырған сенатор Бибігүл Жексенбай соңғы жылдары елде кибершабуыл жиілегенін айтты. Ендігі жерде арнайы ақпараттық қауіпсіздік орталығы мемлекеттік органдардағы дербес деректердің сақталуына жауапты болады. Ол ҰҚҚ-ның жанында жұмыс істейді.