Трамп НАТО-ны қолдайтынын тағы қайталады

Трамп НАТО-ны қолдайтынын тағы қайталады

Трамп НАТО-ны қолдайтынын тағы қайталады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ны қолдайтынын мәлімдеп, бірақ оған мүше өзге елдердің альянс қорғанысына бөлетін қаржысын көбейтулері қажетін тағы ескертті. Бұл туралы ол 28 ақпанда конгрестің қос палатасының өкілдері алдында сөйлеген сөзінде айтты.
"Біз екі дүниежүзілік соғыста шыңдалып, фашизмді күйреткен және қырғи-қабақ соғыста коммунизмді жеңген НАТО-ны берік қолдай береміз. Біз серіктерімізден, мейлі ол НАТО-да, Таяу Шығыста, я Тынық мұхиты бассейнінде болсын, стратегиялық және әскери операцияларға тікелей және пайдалы түрде араласқанын, өздеріне тиесілі ауырлықты көтергенін күтеміз"- деді Трамп. Трамп сайлауалды кампаниясында АҚШ-тың НАТО-ның басты ұстанымы - альянстың бір мемлекетіне шабуыл жасауды барлық мүше елге жасалған шабуыл деп қабылдау саясатына күмән келтірген. 20 қаңтарда қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы сөзінде Трамп көбінесе АҚШ-ты қайтадан ұлы ел жасау, денсаулық сақтау, медициналық сақтандыру, көпірлер мен жолдар, инфрақұрылым нысандарын жаңалау сияқты АҚШ-тың ішкі проблемалары туралы айтқан. Трамп сөйлегенде, конгрес мүшелері мен жиынға қатысып отырғандар әлсін-әлсін қол соғып, қошемет көрсетіп отырды.