Жаңалықтар

Қар, боран: 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

shutterstock

Бүгінге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 2 желтоқсан арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп жазады turkystan.kz.

Республиканың батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде күн райына Атлантика циклоны және сонымен бірге келетін атмосфералық фронттар өз ықпалын тигізеді.

Соның салдарынан жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.