Жаңалықтар

"Өңірлерде партия жобалары нақты іске асып жатыр": Бастауыш партия ұйымдарының жұмысы бағаланды

Жиын соңында бастауыш ұйымның жұмысына белсенді үлес қосқан партия мүшелері «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің және облыстық филиалдың Атқарушы хатшысы Ербол Данағұловтың Алғыс хатымен марапатталды.

Ақтөбе облысында «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринованың қатысуымен бастауыш партия ұйымдарының жиыны өтті.

Жиында партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов облыстағы бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмысын баяндады.

Оның айтуынша, бастауыш партия ұйымдарының атсалысуымен өңірде жол картасын іске асыру мақсатында биыл 18 нысан іске қосылған. Атап айтқанда, үш зауыт ашылып, 401 жаңа жұмыс орны құрылған. 1200 орындық 8 спорт нысаны пайдалануға берілген. Сонымен қатар Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылында 60 орындық мектеп өз жұмысын бастады. Ақтөбе қаласында 200 орындық №12 орта мектеп және 150 орындық №14 орта мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салынып, жалпы саны 23 мектеп күрделі жөндеуден өткен. Денсаулық сақтау саласында 4 дәрігерлік амбулатория ашылған.

Басқосуда партия хатшысы Шолпан Каринова бастауыш партия ұйымдарының атқаратын рөлі мен қызметіне тоқталды.

Жиында облыс орталығындағы және Шалқар, Темір, Хромтау аудандарындағы бастауыш партия ұйымдары төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Шалқар аудандық орталық ауруханасының бастауыш партия ұйымының төрағасы Әлия Оспанованың айтуынша, ауданда биыл қарқынды жұмыстар жүргізілген.

Жиын соңында бастауыш ұйымның жұмысына белсенді үлес қосқан партия мүшелері «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің және облыстық филиалдың Атқарушы хатшысы Ербол Данағұловтың Алғыс хатымен марапатталды.