T-LIFE

Шайдың денсаулыққа 8 түрлі әсері

basilur.com.ua

Құрамында 150-ден астам пайдалы зат болады екен.

Шайдың пайдалы екендігіне ешкім күмән келтірмесі анық. Жалпы шайдың жабайы түрде өсетін өсімдігінің 2 түрі бар: Қытай және Үндістанның ассам шайы. Бұлар бірнеше түрге бөлінеді. Өсімдігі 4-5 жылдан кейін гүлдеп, 10-70 жылдай өнім береді. Ағашының биіктігі 15 метрге дейін жетеді. Шайдың құрамында танин, кофеин, теобромин, жұпар майы, көптеген дәрумендер (Р, С, В1, В2, PP), никотин мен пантотен қышқылдары бар. Шайдың құрамында 150-ден астам пайдалы зат болады екен.

Денсаулыққа пайдасы қандай?

шөлді басады; көздің көруін жақсартады; жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді; қан тамырларын кеңейтеді; бүйрек қызметін үдетеді; еңбек ету ой қызметін арттырады, сөйтіп адам организімін сергітеді; асқазан-ішек қызметінің бұзылуын тежейді; ішкі ағзаларға (миға) қан құйылуды тоқтатады;

Ал қытай шайынан кофеин, кодеин, диуретин, темисал, кофальгин, тельбин, анкофен, тесальбен дәрілері шығарылады.