Жаңалықтар

Ақмола облысындағы мектептерде істі болған адамдар жұмыс істеген

40 мектепте педагогтер біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Ақмола облысының прокуратурасы облыс мектептерінде кешенді тексерулер жүргізуде. Алдын ала тексеру нәтижелері бірқатар елеулі бұзушылықтарды көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, тексеру басталғаннан бері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, қауіпсіздік саласында, құрылыс және басқа да салаларда 200-ден астам бұзушылық анықталды.

Жоғары сынып оқушыларының кіші сыныптарға қатысты буллинг фактілері анықталды, оны бастаған балалар есепке алынды.

40 мектепте педагогтер біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Білім беру саласында қадағалау актілері бойынша 41 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жымқыру, құжаттарды қолдан жасау және басқа да фактілер бойынша 19 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.