Жаңалықтар

Оралда 1,6 млн қорап темекі жойылды

ашық дереккөз

Соттың шығарған үкімі негізінде адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

ҚМА БҚО бойынша Департаментімен Орал қаласында сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 млн теңгеден асатын 1,6 млн қорап темекі партиясы жойылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін Департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, екі өлшемді матрицалық штрихкодсыз темекі өнімдерін сататын адамдар тобы анықталған болатын.

Соттың шығарған үкімі негізінде адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тәркіленген темекі жойылуға тиіс болды.

«Сондай-ақ, басқа іс бойынша сот бұған дейін ҚМА БҚО бойынша департаментінің заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген DataMatrix бар темекілерді өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарған болатын», – делінген хабарламада.

Осы сатылымнан түскен 84 млн теңге сомасындағы қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды.