Президент Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Дубайға барды

1 желтоқсан, 2023 / Меруерт Сағымхан
akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент саммит Дубай климат