Жаңалықтар

Ұлытау облысында аурухана бухгалтерлері 5,1 млн теңге жымқырған

2021-2022 жылдары қайтыс болған адамдарға заңсыз жалақы аударып, өз пайдаларына иемденген.

Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Осы медициналық мекеменің бухгалтерлері Б. және T. 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар») заңсыз 5,1 млн теңге аударған.

Әрі қарай жымқырылған қаражатты аталған бухгалтерлер өз пайдаларына иемденген. Бұл факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу жүргізген.