Жаңалықтар

Жетісу облысында шенеуніктер 13 млн теңгеге киіз үй сатып алмақ болған

Құны 250-300 мың теңге болатын бір салқындатқышты 1,5 млн теңгеге сатып алғысы келген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысында мемлекеттік сатып алудағы бірқатар тауарға баға тым жоғары екенін анықтаған. Бұл туралы орган Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Сол сияқты, Қостанай облысының аудандық білім бөлімі 43 мың литр жазғы дизель отынының әрбір литрін 580 теңгеден сатып алуға тырысқан. Бірақ сол кездегі орташа баға литріне 250 теңгеден кем болған. Ал Астана қаласында әкімдікке қарасты аурухана басшылығы 16 портативті медициналық шамның бір данасын 3,3 млн теңгеден сатып алмақ болған. Алайда оның орташа нарықтық құны 600 мың теңгеден аспайды. Бұл тендер де тоқтатылды. Соның нәтижесінде 44 млн теңге қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Айта кетері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі биыл он айдың ішінде 38,4 млрд теңгеге заңбұзушылықтарды анықтады.